Сазды үй
Қытайдың Хуайнан қаласында Piano House деп аталатын ерекше үй бар. Бұл үй екі бөліктен, дәлірек айтқанда, екі музыкалық аспаптан – скрипка мен рояль пішініндегі ғимараттардан тұрады.
Қабырғалары толықтай шыныланған бұл ғимараттың авторы – технологиялық университеттің сәулет факультетінің студенттері. Piano House 2007 жылы тұрғызылған. Оның скрипка бөлігінде – эскалатор, ал рояльда – көрме кешені орналасқан. Түнде ғимараттың қасбетіне жүргізілген неон құбырлардан шығатын жарық көрерменге ұмытылмас әсер сыйлайды.