ШАПЫРАШТЫ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қаратау ауданына қарасты Шапырашты тұрғын алабында 1200-ден аса тұрғын қоныстанған. 1 мектеп, 2 балабақша, 1 спорт алаңшасы бар. Бүгінде мұнда инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі жоспарға сай жүргізілуде.

Электр жарығымен толық қамтылған.

Ауыз сумен толық қамтылған.

Табиғи газбен 90 пайыз қамтамасыз етілген. Саяжай көшесі аумағындағы үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету 2023-2024 ж.ж жоспарланған.

13 көшенің тоғызы асфальт жол, төртеуі тас жол. 2021 жылы 2 көшеге (Шатемір, Шырынбек ата) асфальт төселсе, биыл 1 көшеге, келесі жылы 3 көшеге (Байзақов, Наурызбай батыр, 2,3 көшелер) асфальт төсеу жоспарға енгізілген.

Қазіргі таңда үш көшеге жарықшамдар қойылған. 2023 жылы Байзақов, Саяжай көшелері жарықтандырылады.

Сапалы интернетпен қамту мақсатында оптика желісін енгізу 2024 жылға жоспарланған.

№148 бағыттағы 8 қоғамдық көлік қатынайды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.