ШАРДАРАЛЫҚ ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ НАЗАРҒА АЛЫНАДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шардара ауданының тұрғындарымен кездесті. Жаңа форматта басталған кездесудің басым бөлігі тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап беруге арналды. Халықпен кездесуден соң өңір басшысы жеке қабылдау өткізді. Мәселені қалай шешу керектігін айтып, жолдары мен жүйесін түсіндірді. Тұрғындардың жекелеген сұрақтарына жауап берді.

Қабылдауға жазылған азамат Қоссейіт ауылдық округіне мектеп құрылысын жүргізуді сұрады. Жалпы мұнда 2 жалпы орта мектебі бар. Оған қоса жаңа 300 орындықты жайлы мектеп ғимаратын салу үшін арнайы жер телімі қарастырылған. Бүгінде тиісті басқармаға ұсыныс енгізілген. Келесі өтініш иесі Шардара аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері жұмыстан құдалауына шағымданды. Содан соң тұрғын үймен қамтамасыз етуді сұрады. Егізқұм ауылының тұрғыны жер мәселесін көтерді. Шаруаларға арналған несие мәселесі бойынша да сауал қойылды.

Балық шаруашылығына арналған жерлерге конкурс ойнатуды сұрады. Көксу ауылындағы Сырдария емханасына жедел көмек көрсету қызметін ашу мәселесі мен ауыл шаруашылығына төмендетілген 2,5% несие бөлу мәселесі көтерілді. Келесі азамат ауыл шаруашылығына арналған несие мәселесін қозғады. Сондай-ақ қабылдауға келген азаматтар жеке өтінішін айтты.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды қабылдау барысында тұрғындардың сұрағына заң аясында тұщымды жауап беріп, көтерілген мәселелердің ертерек шешімін табу бойынша тиісті мамандар мен сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.