ШОКОЛАДТЫ ТОРТ
Құрамы: 1,5 стақан ұн, 3 ас қасық какао, 1 шай қасық сода, бір шымшым тұз, 1 стақан құмшекер, 1/4 стақан өсімдік майы, 1 стақан су, 1 қалта ванилин, 1 ас қасық лимон шырыны, 1/2 шай қасық еритін кофе.
Дайындалуы: Пешті 180 градуста қыздырыңыз. Қалыпты майлап, бетіне ұн себіңіз. Бір ыдысқа ұн, какао, сода мен тұзды араластырыңыз. Екінші ыдысқа құмшекер, май, су, лимон қышқылы мен кофені араластырып, әбден бұлғаңыз. Екі қоспаны қосып, тағы да бұлғаңыз. Дайын сұйық қамырды қалыпқа құйып, 35-40 минут пісіріңіз. Суытып, бетіне шоколадты ерітіп құйыңыз не үккіштен өткізіп себіңіз.
Асыңыз дәмді болсын!