Шымкент: 41 жастағы азамат кіреберісте тұрған велосипедті ұрлап кетті

Өзі тұратын көпқабатты үйдің кіреберісіне велосипедін қоямын деп, ұрлатып алды. Оқиға 26-қазанда, сағат 16:00-дер шамасында орын алған.

 

Бұл бойынша Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол арызында, үйдің кіреберісінде тұрған құны 50.000 теңге тұратын өзіне тиесілі велосипедін белгісіз тұлға жасырын түрде ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.

 

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

 

Әл-Фараби АПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Сұрастыру жұмыстары қолға алынып, жақын маңайдағы бейнебақылау камералары жіті қаралды. Нәтижесінде, Шымкент қаласының 41 жастағы тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

 

Тергеу кезінде ұсталған азаматтың велосипедті 50.000 (елу мың) теңгеге сатып, түскен қаржыны өз пайдасына жұмсап жібергені белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда.

 

Осы ретте, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға жеке мүлкіне сақ болуға шақырады.

 

Егер Сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.