ШЫМКЕНТ: 700 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТТЕРІ ТАРАТЫЛДЫ

Қасиетті Рамазан айының екінші күнінде Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жалғасуда.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев қатысты.

—Қасиетті Рамазан айында кәсіпкерлердің қолдауымен эстафета түрінде жалғасын тапқан шарада 700-ден астам мұқтаж отбасыларға ауызашарға азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны» себеті таратылды. Бұл игі бастама жалғасын табады, —  деді Мұхамеджан Естеміров.

Еске сала кетсек,  қайырымдылық акциясы 5 орында белгіленді.  Атап айтқанда; «Ақмешіт», «А.Қаттани», «Байғұт баба», «Нұр-Төбе»,   «әл-Біләл» мешіттері. Қолдау көрсеткен азаматтарға Алла риза болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.