ШЫМКЕНТ: АУРУХАНАДА ХИРУРГИЯЛЫҚ ТӨСЕК ОРЫН САНЫ КӨБЕЙТІЛДІ
Шымкент қаласындағы №2 ауруханада тәулік бойы науқастарды қабылдап, шұғыл медициналық көмек көрсететін емдеу ұйымы. Стационарлық жағдайларда хирургиялық көмекті оңтайландыру мақсатында, №2 қалалық ауруханасының хирургиялық төсек орын саны 30-ға дейін ұлғайтылды. Дәрігерлердің айтуынша, төсек орны кеңейтілуіне байланысты жедел жәрдеммен келіп түсетін науқастардың саны да көбейген. Мұнан алдын хирургтар аптасына 20 науқасқа ота жасаған болса, қазір аптасына 40 шақты науқасқа хирургиялық көмек көрсетеді. Науқастарға сапалы медициналық көмек көрсету үшін мұнда дәрігерлер және орта, кіші буын қызметкерлер саны артты.
Айта кетейік, №2 қалалық аурухананың хирургия бөлімшесінде төменде көрсетілген ота түрлері жасалады:
— Грыжалар (шап, сан, кіндік, операциядан кейінгі вентральды);
— Лапароскопиялық және дәстүрлі холецистэктомия;
— Лапароскопиялық және кәдімгі аппендэктомиялар;
— Эхинококтомия;
— Өт шығару жолдарының реконструктивтік хирургиясы;
— Ішек стомаларының жабылуы;
— Асқазан мен он екі елі ішектің тесілген ойық жарасын тігу;
— Асқазанның резекциясы;
— Құрсақ қуысының жедел хирургиялық патологиясының себебі болып табылатын іш қуысы мүшелерінің қатерлі және қатерсіз ісіктеріне операциялар;
— Құрсақ қуысының және кеуде қуысының әртүрлі жарақаттарына арналған операциялар;
— Перитонитке арналған операциялар.