ШЫМКЕНТ: БАРЛЫҚ МЕКТЕПКЕ БІР ТҮСТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫ БЕЛГІЛЕНДІ

Жаңа оқу жылында шымкенттік оқушылар ақ жейде, қанық көк түсті форма киеді. Бұл туралы Шымкент қалалық  білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифинг мәлімдеді.

— Өткен жылы 25 мың бала 1-сыныпқа қабылданған болатын. Биыл 27 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттамақ. Оның 98 пайызға жуығы бүгінде құжатын тапсырып үлгерді. Сонымен қатар, биыл 56 586 ата-анадан бір реттік мектеп формасымен қамтамасыз етуге өтініш түсті. Талапқа сәйкес, жергілікті бюджеттен әр балаға мектеп формасы үшін 35 мың теңгеден қаржы қаралып отыр. Жыл сайын оқу жылы қарсаңында көп талқыланатын тақырыптың бірі — мектеп формасы. Мектеп формасының түсін биыл әр мектеп емес, өңір таңдайтын болды. Жаңа оқу жылында шымкенттік оқушылар ақ жейде, қанық көк түсті форма киеді. Мектеп формасына әр мектептің эмблемасын тағуға ғана рұқсат беріледі, — деді Ж.Тәжиева.

Айта кетейік, жаңа оқу жылында да 1-4 сынып оқушылары жыл бойы бір реттік ыстық тамақпен қамтылады.

«Шымкент келбеті» — Замира АЛДАБЕРГЕНОВА

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.