Шымкент: Бір айда автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған 3 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылды

Жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты Патрульдік полиция полкінің инспекторлары жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында күнделікті (тәулік бойы) қызмет атқарады. Қала аумағында бір ай ішінде терезелері күңгірттелген 2667 автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (күңгірттеу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару 5 АЕК (бес айлық есептік көрсеткіш) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Полиция қызметкерлері терезенің жарық өткізу талаптарының (нормаларынан) асып түсетін көлік құралдарын пайдалану жайттарын анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмысты белсенді жалғастыруда.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.