Шымкент: Бөгденің атынан несие рәсімдеп, үйін сатқызған

Жасы жетпіске таяған әйелдің атынан заңсыз несие рәсімдеп, тіпті басындағы баспанасын да сатқызып, түскен қаржыны толығымен еншілеп кеткен. Кезекті жайт Шымкент қаласында орын алды.

 

Бұл бойынша Әл-Фараби АПБ-ның «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын (азаматша) арызданған. Ол өз арызында, бөгде азамат екінші дәрежелі банктердің бірінен 480 000 (төрт жүз сексен мың) теңге несие рәсімдеп беретінін айтып, сол арада сеніміне кіріп, өзіне тиесілі үйін де 14 000 000 (он төрт миллион) теңгеге сатқызып, түскен қаржының барлығын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 14 480 000 (он төрт миллион төрт жүз сексен мың) теңгені құрап отыр.

 

Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

 

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматты тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Павлодар қаласының 36 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.

 

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.