ШЫМКЕНТ: ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ «БЕРЕКЕ – БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында ұйымдастырылған жиынға қала әкімі, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдардың төрағалары, «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы, кәсіпкерлер палатасының директоры және бірқатар кәсіпкерлер мен волонтерлар және «Ассамблея жастары» ұйымының жетекшілері қатысты.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинап, жөнелтуге атсалысқан азаматтарға алғыс айтқан қала әкімі игі іске жұмылған жандарға шынайы ризашылығын білдірді.

– Сын сағатта халқымыздың мызғымас бірлігі айқын көрінді. Игі іске жұмылған белсенділер алыстағы ағайынға дер кезінде демеу болды, – деді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков.

Жиында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитаралық көмек көрсету жөніндегі қалалық ҚХА жанынан құрылған штаб жетекшісінің орынбасары, қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Пан, Шымкент қаласы бойынша Ұлттық волонтерлік фронт офисінің жетекшісі Қайыржан Бөгенбай, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова сөз сөйлеп, атқарылған жұмыс жайын баяндады.

Қатысушыларды тыңдаған қала әкімі Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының 33-сессиясында жүктеген тапсырмаларын жергілікті жерде нәтижелі орындау үшін жоспар әзірлеп, кешенді жұмыстарды жүйелеуді тапсырды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 2024 жылғы 12 сәуірдегі №24-35-2.43 шешіміне сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамына жаңадан қабылданған мүшелеріне ҚХА Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың қолы қойылған куәліктердi табыстады. Және көктемгі су тасқыны салдарымен күреске белсене қатысқан 12 азаматты Алғыс хатпен марапаттап, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы

 

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.