ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚУЫРШАҚ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ — 40 ЖАСТА

Бүгін қаламызда «Қырық ертегі-қырық кейіпкер» атты оқушылар арасында сурет байқауының ашылуы өтті. Шара «Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры» МКҚК-ның 40 жылдық мерейтойы мен   27-наурыз халықаралық театр күніне орай ұйымдастырылған.

Байқауды өткізудің басты мақсаты – жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, өз белсенділігін көрсетуге мүмкіндік беру, дарынды жастарды анықтау және балалардың шығармашылық шеберліктерін, қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік жасау.

«Арбат» алаңында салтанатты түрде ашылған байқау бір жыл бойы жалғасады. Нәтижесі 2023 жылдың 27 наурыз күні жарияланатын болады. Сайысқа 13 жасқа дейінгі мектеп оқушылары мен бүлдіршіндер қатыса алады.

– Биыл Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрына 40 жыл толды. Осы уақыт аралығында театр балаларға арнап 150‐ге жуық қойылым қойып, 500‐ден аса қуыршақтар әзірледі. Баланы тәрбиелеудің ең тиімді жолы оны мәдениет ошағына жақындату. 40 жылдық тарихы бар театр балалармен тығыз байланыс орнату үшін «Қырық ертегі-қырық кейіпкер» сурет сайысын ұйымдастырып отырмыз, — деді театр директоры Самат Алтаев.

 

«Шымкент келбеті» ‐ Ақбөпе ЕРГЕШ

Фото ‐ Серік ҚОСАЕВ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.