ШЫМКЕНТ: КАРАНТИНГЕ ЖАТҚЫЗЫЛҒАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ТАСЫМАЛДАУ БАҚЫЛАУДА

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Агро өнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойыншаа умақтық инспекция басшысы Әбдібақыт Мақұлбаев өсімдіктер карантині мен өсімдіктерді қорғау саласы бойынша 2022 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндады.

«Инспекция бойынша жыл басынан жеке және заңды тұлғалармен экспортқа карантинге жатқызылған 150791 тонна өнім шығарылды. Сондай-ақ, қала аумағына келген өнімдерге екінші карантиндік, фитосанитариялық 3301 бақылау-қадағалау жұмыстары жүргізіліп, актілер толтырылып, тиісті жұмыстар жүргізілді. Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясына карантинге жатқызылған ауылшаруашылығы өнімдерін экспортқа шығаруға және облыс аралық тасымалдау үшін сертификаттар алуға 3969 өтінімдер келіп түсті, соның 2811 фито санитариялық, 836 карантиндік сертификаттар берілді, 316 өтінімдерге уәжді бас тарту жасалды.»-деді спикер.

Инспекцияның мемлекеттік инспекторлары карантинге жатқызылған өнімдерді бақылау-қадағалау жұмыстары жүргізу кезінде 17 жағдайда карантиндік объект-Калифорниялық қалқаншалы сымыры анықталған. Соның 2 жағдайда батыс гүл трипсіне сот шешімімен жою жұмыстары жүргізілген.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі       № 563 қаулысымен 55,83 гектарда карантиндік аймақтар белгіленді. Соныңішінде 42,22 гектары жатаған у кекіре, 13,58 гектары арамсояу, 0,03 гектары шығыстыңжемісжемірі.

Қала аумағында карантиндік ошақтардың таралуын болдырмау мақсатында ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ-нің Шымкент қаласы бойынша филиалының зерттеу жұмыстары бойынша 27 нұсқама беріліп, жою жұмыстары жүргізіліп, уақытылы орындалған.

Сондай-ақ, зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы  26 690 га алқапқа бақылау жұмыстары жүргізіліп 1250 га алқапта саяқ шегірткесімен залалданған алқапқа улы химикат Ахиллес к.э 0,1-0,15 л/га  қолданылып жою шаралары жүргізілді

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.