Шымкент: «Көрісу күнін» Жас Ұландықтар атап өтті

Кеңес Одағының Батыры генерал Сабыр Рахимов атындағы Шымкент Республикалық «Жас Ұлан» мектебінің 3 оқу ротасының оқушылары, педагогтар мен ата-аналарына Наурыз мейрамының дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен тарихы туралы айтып берді.

 

Ата-аналардың кездесуіне оқушылар театр қойылымын ұйымдастырып, дастархан жайып, ұлттық стильдегі концерттік бағдарлама дайындады.

Әскери мектеп тәрбиеленушілерінің айтуынша, бұл күндері қазақстандықтар өздерінің барлық реніштерін, қайғыларын ұмытып, жақындарымен және туыстарыныңқасында өткізуі керек.

— Бұл күні тұрғындар бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтап, үлкендерге құрмет көрсетеді, жақындарына ізгі тілектерінжеткізеді. Ертеде бұл күні адамдар сәлем айтып, «Жаңа жасыңызбен!». Бұл күннің мағынасы зор. Біздің оқушылар да шетте қалмай, осы іс-шараны біздің мектептің қабырғасында өткізудің бастамашысы болды. Бүгін біз Наурыз мейрамының әсемдігін, маңыздылығын білу үшін ғасырлар тереңдігіне сүңгіп кеттік, — деп бөлісті мектеп бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары подполковник Медгат Мадрахимов.

Іс-шара соңында, ата-аналар мен мұғалімдеросы тамаша мейрам күні бас қостырып, дастархан басында жинаған балаларына алғысын білдірді.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.