Шымкент: Мемлекеттен қайтарымсыз қаржы аламын деп, қолдағы ақшасынан айырылды

2022 жылдың 11-қазанында Абай АПБ-ның «102» арнасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, белгісіз азамат мемлекеттік бағдарлама арқылы қайтарымсыз қаржы (грант) алып беремін деп сеніміне кіріп, 150 000 теңге ақшалай қаражатын алып, үш ай бойы алдап келгенін көрсеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-тің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс шараларын жүргізді. Нәтижесінде, жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, ұсталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы — 31-де, жұмыссыз. Тергеу барысында ұсталған азаматтың заңсыз әрекетке оңай жолмен ақша табу үшін барғаны белгілі болды. Алған ақшаны өз пайдасына жұмсап жіберген.

Қазіргі кезде күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Осы ретте, полиция қызметкерлері азаматтарға алаяқтардан барынша сақ болуды ескертеді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.