Шымкент: Мемлекеттен қайтарымсыз қаржы аламын деп, миллионға жуық теңгесінен айырылды

2022 жылдың 30-қазанында, сағат 16:00-де Әл-Фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, төрт айдан бергі танысы «Мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаржы (грант) 5 000 000 (бес миллион) теңге алып беремін» деп, 500 000 (бес жүз мың) ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

 

Аталған дерек ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

 

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.

 

Тергеу барысында ұсталған азаматша заңсыз әрекетке қаражаттан қысылғандықтан барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді.

 

Қазіргі уақытта күдіктінің алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.