Шымкент: Мемлекеттік бағдарламамен пәтер аламын деп, қолдағы ақшасынан айырылды

«Мемлекеттен пәтер алып беремін» деп тұрғындардан заңсыз ақша алып, айласын асырғандар саны азаймай тұр. Кезекті жайт Шымкент қаласында орын алды.

2022 жылдың 9-қарашасында, кешкі сағат 19:13-те Әл-Фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, үш жылдан бергі танысы Шымкент қаласынан «мемлекеттік бағдарлама бойынша кезексіз үй алып беремін» деп, 130 000 (жүз отыз мың) теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, барлық қажетті шараларды қабылдады.

Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматты қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 46-да, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.