Шымкент: Мемлекеттік бағдарламамен үй аламын деп, екі миллион теңгесінен айырылды

«Мемлекеттен кезексіз үй алып беремін» деп тұрғындардан заңсыз ақша алып, алаяқтық жасайтындар саны азаймай тұр.

 

2022 жылдың 19-қазанында, кешкі сағат 20:59-да Әл-Фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны (азаматша) арызданған. Ол өз арызында, 7 жылдан бергі танысы «Шымкент қаласынан мемлекеттік бағдарлама арқылы жеңілдетілген жолмен, яғни әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға беріліп жатқан пәтерлердің бірін алуға көмектесемін» деп, 2 000 000 (екі миллион) теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

 

Полиция қызметкерлері барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.

 

Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны екі тәулікте қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 36 жастағы тұрғыны болып шықты.Үш баланың анасы, жұмыссыз.

 

Қазіргі уақытта ұсталған азаматшаның алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.