Шымкент: Мемлекеттік бағдарламамен үй аламын деп, 2 млн. теңгесінен айырылды

«Мемлекеттен пәтер алып беремін» деп тұрғындардан заңсыз ақша алып, айласын асырғандар саны азаймай тұр. Кезекті жайт Шымкент қаласында орын алды.

 

2022 жылдың 13-желтоқсанында, таңғы сағат 10:40-та Әл-Фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, тоғыз айдан бергі танысы Шымкент қаласынан «мемлекеттік бағдарлама бойынша аз уақыттың ішінде,кезексіз пәтер алып беремін» деп, 2 000 000 (екі миллион) теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

 

Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабының 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудіңбірыңғайтізіліміне тіркелді.

 

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 63 жастағы тұрғыны болып шықты. Зейнеткер. Бұған дейін мұнай саласында жұмыс жасаған.

 

Тергеу барысында ұсталған азаматшаның осы тектес тағы 63 жайтқа қатысы бар екендігі анықталды. Сондай-ақ, оның бұрын алаяқтық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, сотты болғандығы да белгілі болды.

 

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.