Шымкент: Нашақорлықтың алдын алу және есірткіге қарсы жұмыстарда өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

 Шымкент қаласының Полиция департаменті және «Сергали-Туркестан» аймақтық қоғамдық бірлестігі арасында қала аумағында нашақорлықтың алдын алу және есірткіге қарсы жұмыстарда өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

         Тараптар меморандум аясында алдағы уақытта бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында сындарлы өзара іс-қимыл жасауды жоспарлап отыр.

         Бірлестіктің төрайымы Усманова Шолпан өз сөзінде «Біз осы меморандумның қабылдануына қуаныштымыз және ынтымақтастығымыз өзінің нәтижесін береді деген сенімдеміз. Құқық қорғау органдарының уақытылы алдын алу жұмыстары көп адамның өмірін сақтап, қорғай алатынын түсінуі керек. Көпшілік болып есірткіге жол бермеуіне ат салысуымыз қажет» — деді.

         Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Карбеков Бауыржан өз сөзінде: «Бүгінде қаламызда өскелең ұрпақ үшін нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Атқарылып жатқан жұмыстарда барлық мемлекеттік органдармен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың да рөлі ерекше екендігі сөзсіз. Осыған орай, «Көп түкірсе көл болар, көп біріксе ел болар» демекші осы мақсатта барлығымыз бірігіп жұмыс жасасақ, алынбайтын қамал болмайды» деп қорытындылады.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.