Шымкент: Полицейлер жер телімінің құжатын рәсімдеп беремін деп, танысын алдап соққан азаматты ұстады

Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, танысы жер телімінің құжаттарын өзінің атына рәсімдеп беремін деп әбден сендірген. Сондай-ақ, бұл қызметі үшін алдын ала 630 000 теңгесін иемденіп алған. Алайда арада уақыт өте құжаттарын рәсімдемей, не ақшасын қайтармай ізін суытқан.
Аталған жайт бойынша, тәжірбиелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде, полицейлер тұрғынды алдап ақшасын иемденген азаматты қала аумағынан ұстап, басқармаға жеткізді. Ол 36 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азамат арызданушыдан алған қаражатты өз қажеттілігіне жұмсап жіберген.
Қазіргі таңда азаматқа қатысты ҚР ҚК-190 бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар жоғы анықталып жатыр.
Осы орайда, шымкенттік полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарынан алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды сұрайды, белгісіз азаматтарға артық сенім білдірмеу керектігін қатаң ескертеді.
Егер, Сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.