Шымкент: Шетелге жұмысқа тұрамын деп, 2 млн. теңгесінен айырылды

«Шетелге жұмысқа орналастырып беремін» деп, алдын ала сыйақы ретінде ақшасын алып, алдап кеткен. Оқиға Шымкент қаласында орын алды.

 

Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, танысы «Щвецияға жүк көлігінің жүргізушісі ретінде тұрақты жұмысқа орналастырып беремін» деп алдын ала 1 842 500 (бір миллион сегіз жүз қырық екі мың бес жүз) теңгесін алып, осы уақытқа дейін уәдесін орындамай немесе ақшасын қайтармай алаяқтық жолмен алдап жүргенін көрсеткен.

 

Аталған дерек ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

 

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Жасы-43-те, жұмыссыз. Бұған дейін алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотты болған.

 

Қазіргі кезде ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.