Шымкент: Тәртіп сақшыларымен нашақорлықтың алдын алу мақсатында жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде

  Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері білім беру ұйымдарында жоғарғы сынып оқушыларына, жасөспірімдерге, студенттерге, ата-аналарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдарын жеткізу және жаңа психоактивті заттардың таралуының алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруда.

         Осы орайда, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков №52 мектеп-лицейіне арнайы барып, жоғарғы сынып оқушыларына нашақорлықтың және есірткі заттарын қолданудың алдын алу, құқықтық сауаттылықтарын арттыру жөнінде арнайы кездесу өткізді.

         Басқосу барысында мектеп оқушыларына зиянды әдеттердің қауіптілігі ескертіліп, олардан аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп қабырғасында есірткі заттарына жол жоқтығын айтып, ішкі тәртіпті қатаң ұстану, мұғалімдердің айтқанын істеу мен білімге ұмтылудың маңыздылығын жеткізді.

         Іс-шара соңында оқушылармен естелік суретке түсіп, жақсы көңіл күй сыйлау мақсатында домбыра үйірмесінің жас күйшілерімен белгілі күйді орындап, ашық диалог өткізді.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.