ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫ EGOV ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ 10 СОТЫҚ ЖЕР АЛУҒА КЕЗЕККЕ ТҰРА АЛАДЫ

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша  филиалы хабарлайды.

Өтініш беру үшін енді әкімдікке жүгінудің қажеті жоқ.

Порталда авторизациядан өткен соң, «Жылжымайтын мүлік» бөлімін тауып, «Жер қатынастары» бөліміне өтесіз. Сізге керек қызметтің атауы «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін қарау немесе кезекке қою (10 акр)».

Әрі қарай өтініш түрін таңдау керек:

-Егер сіз жер учаскесін алу үшін кезекке алғаш рет өтініш білдіріп тұрсаңыз, онда өзіңіз жер алуды қалайтын аймақты белгілеп,  «кезекке қою» бөлімін таңдауыңыз керек.

-Егер сіз жер кезегіне тұрған болсаңыз, бірақ ол туралы ақпаратты таппасаңыз, онда «деректерді өзектендіруді» таңдаңыз.

— Кезектен шығу керек болса, «Кезектен шығару» батырмасын басыңыз.

Кезегіңізді растау үшін сұратылатын құжаттарды (талонның скан-нұсқасы, өтініштің, жеке куәліктің және т.б. көшірмелері) жүктеу керек. Сондай-ақ, кезек ретін map.gov4c.kz сайтында ЭЦҚ арқылы авторизациядан өтіп, тексере аласыз.

Назар аударыңыз! Бос учаскелерді беру жөніндегі шешімді әкімдіктер қабылдайды. Учаскелер алаңдардың дайын болуына қарай немесе елдімекеннің бас жоспарына сәйкес, бос аумақтар болған жағдайда беріледі.

Егер бұрын бір өңірде жер теліміне кезекке тұрған болсаңыз, ал қазір өзге аймақтан жер алғыңыз келсе, 10 сотыққа кезек реті ертерек келген өңірден беріледі. Қалған өтініштердің күші жойылатынын ескеру қажет.

Толық ақпаратты 1414 байланыс орталығына хабарласып білесіз.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.