Шымкент: Үй ауласында тұрған «Якки» маркалы скутерді ұрлап кетті

Өз үйінің ауласында тұрған жасыл түсті «Якки» маркалы скутерді белгісіз тұлға қолды еткен. Оқиға таңғы сағат 10:05-тер шамасында орын алды.

Бұл бойынша Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын (азаматша) арызданған. Ол арызында, үйдің есік алдына қойған құны 600.000 (алты жүз мың) теңге тұратын өзіне тиесілі «Якки» маркалы скутерді белгісіз тұлға жасырын түрде ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-тің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Әл-Фараби АПБ қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Сұрастыру жұмыстары қолға алынып, жақын маңайдағы бейнебақылау камералары жіті қаралды. Нәтижесінде, Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

Тергеу кезінде ұсталған азаматтың скутерді 600.000 (алты жүз мың) теңгеге сатып, түскен қаржыны өз пайдасына жұмсап жібергені белгілі болды.

Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жалғасуда.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.