Шымкент: Ұялы телефонын тартып алған үшеу ұсталды

Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда, қаладағы дәмханалардың бірінде тамақтанып отырғанында үш жас жігіттің әлімжеттікпен физикалық күш көрсетіп, «Apple iPhone X» маркалы ұялы телефонын өзінше билік ету арқылы тартып алып кеткендігін жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 120 000 (жүз жиырмы мың) теңгені құрап отыр.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 389-бабы 3-бөлігімен (Өзінше билік ету) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Күдікті азаматтарды ұстау үшін шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізіп, қылмысты ашуға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдады. Көрген-білгендерден жауаптар алынып, бейнебақылау жүйелері жіті қаралды. Нәтижесінде, күдікті ретінде жергілікті жердің 22 жастағы және Түркістан облысының 23 жастағы екі тұрғыны анықталып, жеткізілді. Үшеуі де бұрын-соңды сотты болмаған, тұрақты жұмыстары жоқ.

Қазіргі кезде ұсталған азаматтардың басқа да осы тектес қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

             Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.