ВЬЕТНАМ ИНВЕСТОРЛАРЫ ТҮРЛІ САЛАДА ЖОБАЛАРЫН ҰСЫНДЫ

 Вьетнам инвесторлары Шымкентте  бірқатар салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын. Шетелдіктер қала аумағындағы ескі көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту, тараптар арасында сауда-саттықты дамыту, құрылыс материалдарын өндіру бойынша  бизнес жобаларын ұсынды.

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Вьетнам инвесторларымен кездесіп, тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамыту тетіктерін қарастырды.

Соңғы жылдары Шымкент қаласы мен Вьетнам мемлекеті арасындағы сауда-экономикалық қатынастар нығайып келеді. Былтыр  тараптар арасындағы тауар айналым шамамен 1,7 млн. АҚШ долларына жетіп,  2018 жылмен салыстырғанда 13 есе артқан.

Бүгінгі таңда мегаполис инвестициялық тартымдылық бойынша республикада алдыңғы орында. Былтыр қалаға 1,2 млрд инвестиция тартылған.

Шымкент-Вьетнам арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатындағы кездесуде тараптардың мүмкіндіктері қарастырылып, инвестициялық жобалар талқыланды.  М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға ұсынылған бастамаларды жіті зерделеп, инвесторлармен қолайлы жағдайда жұмыс жүргізуді тапсырды.

 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.