Шымкент: «Жас ұлан» әскери мектебінде алғашқы қоңырау соғылды

1 қыркүйекте Кеңес Одағының Батыры Сабир Рахымов атындағы Шымкент Республикалық «Жас ұлан» мектебінде «Алғашқы қоңырау» соғылды. Іс-шараға мектептің жеке құрамы, ҚР ҚК ардагерлер қоғамының төрағасы және ауған ардагерлері, сондай-ақ ұландардың ата-аналары қатысты.

Алғашқы қоңыраудың салтанатты рәсімі мектеп оқушыларын алаңда  сапталуымен басталды. Жаздың ашық түстері күзгі түстермен араласқан ауа-райы, ұландардың салтанатты киімі, қыркүйек желіндегі мемлекеттік ту — бұл мерекенің барлық түстерін аша түсті. Ұландар ту ұстаушы топты «тік тұрып» қарсы алды.

Оқушылар мен қонақтарға мектеп бастығы полковник Пернехан Орынбеков құттықтау сөз сөйледі. Жиналғандарға арнаған сөзінде Перенехан Басарбекұлы мектеп тәрбиеленушілері өз білімдерімен және еңбекқорлығымен Отан қорғаушы мамандықтарының беделін арттыруда маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді.

— Бүгін бәріміз үшін үлкен мереке. Біз педагогтары мен тәрбиешілерді өз жұмыстарын ең жоғары деңгейде орындап мектепте оқитын әрбір тәрбиеленушімізді мақтан тұтқанымызды қалаймыз. Сіздер бір команда болып, өз Отанының нағыз патриоттары болатындарыңызға кемел сенеміз. Сіздерге зор денсаулық, жақсы көңіл-күй мен кішкентай болса да, жеңістер тілеймін. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын! — деді полковник Пернехан Орынбеков.

Әскери мектептегі білім күні іс-шарасы шақырылған құрметті қонақтардың құттықтау сөздерімен жалғасты. Ата-аналар, мұғалімдер мен ардагерлер ұландарды мерекемен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Салтанатты митингіден кейін мектептің көркемөнерпаздар концерті өтті, Қарулы Күштер ардагерлері мен ауған жауынгерлерінің қатысуымен мектеп тәрбиеленушілері үшін «Мектеп — мейірім мекені» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Мектеп қонақтары мектептің оқу-материалдық базасымен, сондай-ақ ұландардың өмір сүру жағдайымен танысты.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.