Шымкент: Жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін бұзған 7000-ға жуық жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол қауіпсіздігін алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында Шымкент ҚПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері күнделікті (тәулік бойы) қызмет атқарады.  Азаматтардың арнайы жаяу жүргіншілер жолағынан емес, жолдың кез келген бөлігінен кесіп өтіп, апат тудыруға себепкер болуы мүмкін жайттар аз емес.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жыл басынан, яғни 2022 жылдың 1-қаңтарынан жаяу жүргіншілердің жол қозғалыс ережелерін бұзған 6930  (алты мың тоғыз жүз отыз) азаматты анықтап, тиісінше заңға сәйкес әкімшілік хаттама толтырды.

Аталған жаяу жүргіншілер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 615-бабымен (Жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, заңнамаға сәйкес бұл құқықбұзушылық 2 АЕК (екі айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынуға әкеп соғады.

Осы ретте, тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілер мен көлік тізгіндеген жүргізушілерге жол үстінде өз өмірін қатерге тікпеуге және тиісті ережелер мен сақтық шараларын қатаң ұстануға кеңес береді.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.