Шымкент: «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы жалғасуда

Ағымдағы жылдың 25-қараша​ мен 10-желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық іс-шарасы өткізілуде.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау құрылымдарымен қызметін жақсарту және жетілдіру, ана мен баланы қорғауға қоғамдағы отбасы рөлін күшейту мақсатында Абай аудандық полиция басқармасының Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі​ инспекторы полиция майоры Гулвира Бектемисова тұрғындарға жаднамалар тарқатты.

«Қоғамдағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасамауға, ауыр қылмыстарға бейімділік танытпауға шақырамыз. Сондай-ақ, отбасындағы туындаған кикілжіңдерге түсіністікпен қарап, ажырасуға, зорлық-зомбылыққа дейін жеткізетін мәжбүрлікке бармауға кеңес береміз. Акция аясында осы мақсатта жұмыстар атқарып келеміз»,- деді Гулвира Тілеубергенқызы.

     Қазақстан Республикасы заңдарымен кепілдік беретін әйелдердің конституциялық құқықтары және отбасында кездесіп тұратын әйелдер мен балалар мәселелерін реттейтін заңдылықтардың бұзылуына жол бермеу туралы түсіндіріліп, ақпараттық-насихаттау жұмыстары​ жүргізілді.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.