Шымкентте «Автобус» профилактикалық іс-шарасы барысында 700-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қала аумағында жол апатын азайту, жол қозғалысын бақылау және қадағалау мақсатында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.  Шара аясында тәртіп сақшылары қоғамдық көліктердегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттарын алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтті. Осылайша мегаполисте жеті тәулік ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған 700-ге жуық  әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған.

Атап айтқанда,

— ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы  (жолаушыларды, багажды және заттарды

тасымалдау ережесін бұзу) – 21;

— ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі (тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған

көлік құралын басқару) – 26;

— ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі (рейс алдындағы техникалық және медициналық қарап тексеруден өтпеу) – 10;

— ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (техникалық байқаудан өтпеу) – 64;

— ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (ұялы телефон пайдалану) – 136;

— ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (маневр жасау қағидаларын бұзу) – 52;

— ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі (қарсы жүріп өту қағидаларын бұзу) – 3;

— ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі (міндетті сақтандыру туралы заңнама бұзу) – 2;

— ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабы (шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кету) – 15;

— Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салу(айыптұраққа қою) — 1;

— Автобус парктерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны – 5.

Аудандық Полиция басқармаларымен ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабымен белгіленбеген жерден өткен 600-ден аса  жүргізуші анықталды.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.

          Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.