ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 1 МИЛЛИОН 60 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Биыл Шымкент қаласы бойынша 1 миллион 60 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Оның ішінде 152,5 мың шаршы метрі мемлекеттің қаржыландыруымен салынса, 467,5 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысын инвесторлар қаржыландырған. Сондай-ақ, 440 мың шаршы метр тұрғын үйді жеке азаматтар салып жатыр.

Шымкент қаласы  құрылыс басқармасының мәліметі бойынша, биыл қалада «Нұрлы жер» концепциясы аясында мемлекеттік бюджет есебінен 32,5 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаржыға жалпы ауданы 239,2 мың шаршы метрді құрайтын 2 972 пәтерлі 51 көпқабатты тұрғын үй бой көтеруде. Биыл аталған 51 үйден 1 880 пәтерлі 33 үйдің құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 19 кредиттік және 14 арендалық тұрғын үй кезекте тұрған азаматтарға тапсырылады.

Қазірдің өзінде 49,8 мың шаршы метрді құрайтын 576 пәтерлі 11 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілді. Ал, 1 305 пәтерлі 22 тұрғын үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Сондай-ақ, 1 092 пәтерлі 18 тұрғын үйдің құрылысы келесі жылға өтпелі.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.