Шымкентте қалтасында есірткіге ұқсас затты алып жүрген азамат ұсталды

2022 жылдың 12-ақпаны кешкі сағат 18:30 шамасында Әл-Фараби АПБ учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақты бақылау және қылмыстың алдын алу мақсатында патрульдеу кезінде күдік тудырған азаматты байқап, тоқтатады.
Тексеру барысында аталған азаматтың қалтасынан 1 дана темекі қорабына оралған өсімдік тектес кептірілген хош иісті есірткіге ұқсас заты анықталып, тәркіленіп алынды.
Аталған жайт бойынша, қала тұрғыны анықталған затты қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені бойынша тексерілуде.
Қазіргі таңда азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабымен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау)іс тіркеліп, тергеу амалдары жалғасуда.
Шымкенттік полицейлер есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.
Егер, Сізде есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.