Шымкентте квартирант үй иесінің ұлын пышақпен ұрған. Ер адамға қатысты үкім шықты

Оқиға түнгі уақытта орын алды. Жалға берушілермен ортақ аулада бөлме жалдап тұратын 52 жастағы азамат масаң күйде үй иесінің ұлынан өзін белгілі мекенжайға апаруын өтінді.

Жолда ер азамат көлікті дүкен алдына тоқтатуды сұрап, жүргізушінің анасы оған қарыз екенін айтып, ақшаны қайтаруды талап ете бастаған. Жігіттің қарсы жауабын естіген қаскүнем қалтасынан асүй пышағын шығарып жәбірленушінің кеуде тұсынан ұрып, оқиға орнынан бой тасалаған. Ауыр жарақат алған жігіт ауруханаға түсті.

 

Жайт бойынша полицейлермен Қылмыстық кодекстің 106-бабымен «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» іс тіркелді. Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні қала аумағында қолға түсірді. Іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Сот үкімімен айыпталушы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Шымкент қаласы ПД-нің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.