Шымкентте пәтер ұрлығының 9 жайтына қатысы бар азамат ұсталды

Шымкент қаласы полиция департаменті криминалдық полиция қызметкерлері қала аумағында бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқан күдіктіні ұстады. Ол 9 пәтер ұрлығын жасаған.

Мәселен, Еңбекші ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, үйінен құны 500 мың теңге тұратын құрылыс материалдары мен 500 мың теңге тұратын алтын бұйымдары ұрланғанын жеткізді. Тағы бір жәбірленуші пәтерінен құны 70 000 теңге тұратын велосипед ұрлағанын хабарлады. Осыған ұқсас мәлімдемелермен тағы бірнеше жергілікті тұрғын полиция басқармасына жүгінді.

Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 41-де. Бүгінгі таңда күдікті ер азамат қамауда.

Тергеу барысында күдіктінің қала тұрғындарының пәтерлеріне кіріп, содан кейін үйдегі алтын бұйымдар мен ақшаны жымқырып отырғаны белгілі болды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі шамамен 2 миллион теңгені құрайды. Ұрланған алтын бұйымдардың бір бөлігі, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған жайттар ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын анықтауда.

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.