Шымкентте полицейді балағаттаған тұрғын жауапқа тартылды

Қаратау ауданы Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы қоғамдық асхананың алдында өзін дұрыс ұстамай және қоғамдық тәртіпті бұзып жатқан масаң күйде ер адам бар деген хабарлама түскен.

Барлық жағдайды анықтау үшін оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы жіберілді. Тәртіп сақшысы өзін таныстырып, тәртіп бұзушыны тыныштандыруға және оның заңсыз әрекеттерін тоқтату кезінде ер адам учаскелік полиция қызметкеріне дөрекі сөздер айтып, ар-намысына, абыройына және қадір-қасиетіне нұқсан келетін анайы сөздермен балағаттап, жария түрде қорлаған.

Медициналық қорытындыға сәйкес, тәртіп бұзушы «орта дәрежедегі» мас күйде болғаны анықталды. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 378-бабы 2-бөлігіне сәйкес (Билік өкiлiн қорлау) қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы баппен 80 (сексен) сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы  тағайындалды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.