ШЫМКЕНТТЕ САЙЛАУШЫЛАР ПАЛАУДАН АУЫЗ ТИДІ⁣⁣⠀

Шымкентте Қызылжар шағынауданы Сабыр Рахымов атындағы жалпы білім беретін мектеп ғимаратындағы №64сайлау учаскесінде дауыс берушілер палаудан дәм татты. Қазақстан өзбектерінің «Дустлик» қауымдастығының бастамасымен жайылған дастарханнан дәм татқан қариялар сайлау науқанындағы бұл бастамаға ризашылығын білдірді.⁣⁣⠀


⁣⁣⠀
– Мұндай науқан кезінде бірлік пен татулықтың маңызы зор. Қазақтың дастарханы қашан да ынтымаққа себепкер болған. Бүгін сайлаушылар үшін дастархан жайып, дәм ұсынудың негізігі мақсаты да сол – бірлігімізді бекемдеу. Оның үстіне сайлау деген – мереке. Шымкенттің қай мерекесі палаусыз өткен?! – деді «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов. ⁣⁣⠀


⁣⁣⠀
Айта кетейік, қаладағы №64 сайлау учаскесінде таң азаннан бері дауыс берушілер белсенді қатысып жатыр. Бұл сайлау учаскесінде 2 012 тұрғын тіркелген. Оның 17-сі өз таңдауын алғаш рет жасады. Ал жүріп-тұруы қиын жандарға комиссия мүшелері өздері барады. Олар үшін барлық жағдай жасалған. ⁣⁣⠀

⁣⁣⠀
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀ «Шымкент келбеті»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.