Шымкентте «STOP-трафик» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

Шымкент қаласы аумағында 2022 жылдың 7-9 қыркүйек аралығында «STOP-трафик» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқаулығына сәйкес, адам саудасына байланысты қылмыстарды ескертуге, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған.

Адамның құқығын еркінен тыс таптау немесе заңсыз еңбекке тарту қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады. Мұнан бөлек, адамдарды күштеп ұстау қылмыстарын болдырмау мен алдын алу үшін нақты жоспар құрылған және тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, адам саудасын алдын алу бойынша Жібек жолы – Мәметов қиылысына, Ильяев көшесі мен Қонаев даңғылы бойына профилактикалық билбордтар ілінген.

Осы ретте тәртіп сақшылары қала тұрғындарына қандай да бір күмәнді оқиға жөнінде хабардар болса, тәуліктің кез-келген уақытында «102» нөміріне хабар беруді сұрайды. Бұл қылмыстың ашылуына көп септігін тигізері сөзсіз және адам өмірін сақтаудың да төте жолы.

Адам саудасымен айналысу – ауыр қылмыс. Бейбіт заманда біреуге қысым көрсету, күштеп ұстау заңмен қудаланады.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.