ШЫМКЕНТТЕ СУ БАСУ ҚАУІПІ БАР АУМАҚТАР ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала аумағында су басу қауіпі бар аймақтар әкімшілік қызметкерлері мен мердігер мекемелерден құралған кезекші бригадалардың бақылауында.
Әл-Фараби ауданында бойынша құрылған топ Сәуле шағын аудандарындағы жеңістің 50 жылдығы, Тұмарлы, Зерделі және Байдала т.б. көшелеріне арнайы техникалардың көмегімен су тартуға дайын.
Бұл жұмыстарға «Build Stroi» ЖШС-ның 10 техникасы, су тартатын 10 мотопомпа және 30 -ға жуық жұмысшы жұмылдырылды. Қазіргі таңда тұрғын үйлерде су басу қауіпі жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі