ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында жемқорлықтың алдын алу мақсатында Агенттікпен қолға алынған жобалар, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған заңнамалық шаралар, ұжымдағы парасаттылық құндылықтары талқыланды.
Сондай-ақ, жемқорлықпен жалпы қоғам болып күресу қажеттігі жеткізіліп, сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған кез-келген азамат Агенттіктің 1424 Call-орталығына хабарлай алатындығы жеткізілді. Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам соттың айыптау үкімінен кейін пара немесе залал сомасының 10 пайызын ала алады, бірақ бұл көрсеткіш төрт мың айлық есеп көрсеткішінен аспайды.
Жиын қорытындысымен қатысушылар жемқорлықпен күресте бірлесе жұмыс жасауға шақырылды.
Айта кетейік, осы тұрғыдағы кездесу ИЧ-167/10 мекемесінің жеке құрамымен де өтті.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.