Шымкенттік полицейлер дүңгіршекке ұрлыққа түскен азаматты ұстады

Абай АПБ-ның «102» арнасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда, қаладағы базарлардың біріндегі дүңгіршегінен өзіне тиесілі құны 47 000 теңгелік «Samsung» маркалы ұялы телефонын және 100 000 теңге ақшасын, сондай-ақ 210 000 теңгені құрайтын алтын білезігін белгісіз біреудің жасырын түрде қолды еткенін жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 357 000 теңгегені құрайды. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру)тіркеді.
Хабарды алған Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел әрекет ету арқылы ұрлық жайты болған орынға бағыт алды. Полицейлер арыз иесінен, сондай-ақ басқа да азаматтардан көрген-білгендерін сұрады. Бейнебақылау жүйелері жіті қаралды. Нәтижесінде, сақшылар ұрлық жасаған азаматты аудан аумағынан ұстап, басқармаға жеткізді. Ол 21 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Өз кезегінде, шымкенттік полицейлер жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын қатаң ұстану қажеттілігін ескертеді.
Егер Сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз полицияның «102» арнасына хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.