ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ІРІ КӨЛЕМДЕ АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАҒАН КҮДІКТІНІ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА ҰСТАДЫ

Шымкент қаласы Абай АПБ-на жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз шағымында, өзіне тиесілі “Неоплан” маркалы автокөлігін сатуға қойғанын және оны алаяқтық жолмен белгісіз азамат иемденіп кеткенін көрсетті. Нақтырақ айтқанда, жәбірленушімен телефон арқылы байланысқан күдікті оның сеніміне кіре отырып, құны 5 миллион теңге тұратын автобусын алып, ақшасын кейін беретініне сендірген. Сондай-ақ ол қылмыстық іс-әрекетін әрі қарай жалғастырып, одан бөлек тағы 1 500 000 теңге қаражатын жымқырып, ізін суытқан.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі “ Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе сенімді теріс пайдалану” бойынша тіркеуге алды.

Күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында тәртіп сақшылары жедел іздестіру шарасына кірісті. Полицейлердің жан-жақты іздестіру жұмысы оң нәтиже берді. Алаяқ Нұр-Сұлтан қаласында құрықталды.

Қазіргі таңда, СДТБТ амалдары аяқталып, күдікті тиісті жауапкершілкке тартылды. Жәбірленушіге келтірілген   материалдық шығын толығымен өндірілді.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға кез келген адамға ақша берместен бұрын, оның сенімді адам екендігіне толық көз жеткізуге кеңес береді. Сонымен қатар әртүрлі күмәнді қызмет ұсынатын таныс және бейтаныс адамдарға сенім артпау керектігін ескертеді.

 

Шымкент қ. ПД-нің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.