Шымкенттік полицейлер мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер әперемін деп, тұрғынды алдап соққан азаматты ұстады

Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, танысы мемлекеттік бағдарлама арқылы аз мерзімде пәтер әперемін деп сеніміне кірген. Сондай-ақ, құжаттарды рәсімдеу үшін 300 000 теңге керектігін айтып, есепшотына аудартып алған. Алайда, арада уақыт өте телефон қоңырауларына жауап бермей, не ақшасын қайтармай ізін суытқан.
Хабарды алған Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған жайтқа қатысы бар азаматты іздеуге кірісті. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде азаматты қала аумағынан қолға түсіріп, басқармаға жеткізді. Ол 37 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азамат тұрғыннан алаяқтық жолмен алған қаражатты өзінің бас пайдасы үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Осы орайда, шымкенттік тәртіп сақшылары қала тұрғындарынан алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды сұрайды, белгісіз азаматтарға артық сенім білдірмеу керектігін қатаң ескертеді.
Егер Сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.