Шымкенттік полицейлер мемлекеттік бағдарлама арқылы қайтарымсыз 28 млн теңге шығарып беремін деп, тұрғынды алдап соққан азаматшаны ұстады

Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, танысы мемлекеттік бағдарлама арқылы 28 млн теңге көлемінде қайтарымсыз қаражат шығарып беремін деп сендірген. Сондай-ақ, бұл қызметіне сыйақы ретінде 2 500 000 теңге сұрап есепшотына аудартып алған. Алайда, арада уақыт өте әлгі танысы телефон қоңырауларына жауап бермей, не ақшасын қайтармай ізін суытқан.
Аталған деректі полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.
Абай АПБ-ның Криминалды полиция бөлімі қызметкерлері атқарған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, 58 жастағы жергілікті тұрғын қала аумағынан ұсталып, басқармаға жеткізілді. Белгілі болғандай, ұсталған азаматша арызданушыдан алған қаражатты өзінің бас пайдасы үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Осы орайда, шымкенттік тәртіп сақшылары қала тұрғындарынан алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды сұрайды, белгісіз азаматтарға артық сенім білдірмеу керектігін қатаң ескертеді.
Егер Сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.