Шымкенттік полицейлер оқушыларға салауатты өмір салтын ұстануға шақырды

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шаңырақ шағынауданында орналасқан №134 жалпы орта мектебінің оқушыларына  нашақорлықтың, маскүнемдіктің алдын алу, жастарды спортқа баулу мақсатында кездесу өткізді.

Басқосудың негізгі мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың алдын алу, жастарды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға шақыру болып табылады.

Кездесу аясында нашақорлық жайында толыққанды мағлұмат берді. Сала мамандары нашақорлық індеті жер бетінде миллиондаған адамның өмірін жалмап жатқанын және аталған індеттің шекараны, жасты, нәсілді талғамайтынына тоқталды. Сонымен қатар, есірткіден бойды аулақ салудың маңызын, салауатты өмір сүру салтын ұстанудың маңызды екендігін жеткізді.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.