Шымкенттік полицейлер сатушыны алдап, үш дана бас киімін иемденіп кеткен азаматшаны ұстады

Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, өзін көршілес орналасқан әтір сататын дүкенде жұмыс жасаймын деп таныстырған азаматша дүкеніне келіп құны 45 000 теңгелік 3 дана бас киімін қарызға алған. Содан әлгі азаматша қарызын айдың соңында қайтарамын деп әбден сендіріп жеке куәлігін қалдырған. Алайда арада уақыт өте бас киімдерді алған азаматшаның сатушы еместігін білген тұрғын, алданғанын түсініп полицейлерге жүгінген.
Хабарды алған Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғынның сеніміне кіріп, бас киімдерді иемденген азаматшаны тауып, қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Сақшылар арыз иесінен, көрген-білгендерден жауаптар алды. Сауда дүкенінде орнатылған бейнебақылау жүйелері жіті тексерілді. Нәтижесінде, сатушына алдап соққан азаматша қала аумағынан ұсталып, басқармаға жеткізілді. Ол 48 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, ұсталған азаматша иемденген бас киімдерді базарлардың біріне өзінің бас пайдасы үшін сатып жіберген.
Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар жоғы анықталып жатыр.
Осы орайда, шымкенттік тәртіп сақшылары қала тұрғындарынан алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды сұрайды, белгісіз азаматтарға артық сенім білдірмеу керектігін қатаң ескертеді.
Егер Сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.