Шымкенттік полицейлер скутер ұрлаған азаматты ұстады

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреу үйінің ауласына күндізгі сағат 09:00 шамасында жасырын кіріп, «Racer» маркалы скутерін қолды еткен. Келтірілген шығын көлемі 315 000 теңгені құраған.

 

Хабарды алған Әл-Фараби АПБ Анықтау бөлімінің анықтаушылары жедел әрекет ету арқылы ұрлық жайты болған орынға бағыт алды. Арызданушы азаматтан, басқа да көрген-білгендерден жауап алынды. Сондай-ақ, жақын үйлерде орнатылған бейнебақылау камералары жіті тексерілді. Нәтижесінде, анықтаушылар скутер ұрлаған азаматты тұрғылықты мекен-жайынан анықтап, басқармаға жеткізді. Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Айғақты зат ретінде алынған скутер заңды иесіне қайтарылды.

 

Қазіргі таңда азаматқа қатысты ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

 

Өз кезегінде, шымкенттік полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарына жеке мүліктеріне аса сақ болуға шақырады.

Егер, Сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.