Шымкенттік полицейлер сұлулық салонына ұрлыққа түскен азаматты ұстады

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының «102» арнасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, өзіне тиесілі сұлулық салонына белгісіз біреулер сағат 01:00-07:00 аралығында ұрлыққа түскен. Содан әккі ұрылар ғимараттың қабырғасында тұрған желдеткіш құрылғысының қосалқы бөлшегін қолды еткен. Келтірілген шығын көлемі 200 000 теңгені құраған. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тіркеп, шұғыл іздестіру жұмыстарына жұмылды.
Тәртіп сақшылары ұрлық жайтын ашу мақсатында оқиға орнына жедел жетіп, қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жақын аймақтарды мұқият тексеріп, көрген-білгендерден жауаптар алды. Бейнебақылау жүйелері жіті тексерілді. Нәтижесінде, сақшылар небәрі бір тәулік ішінде ұрлық жасаған азаматты анықтап, басқармаға жеткізді. Ол 25 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, шымкенттік полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарына жеке мүліктеріне аса сақ болуға шақырады.
Егер, Сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.