Шымкенттік полицейлер тәуліктік жалға берілетін пәтерлерді тексеру барысында тұрғыннан есірткіге ұқсас затты тәркіледі

Ағымдағы жылдың 21-қаңтарында Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ-не қарасты №28 учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында патрульдеу кезінде тәуліктік пәтерлерді тексерді.
Осы жалға берілетін пәтерлердің бірінде жергілікті тұрғыннан бір дана политилэн пакетіне оралған өсімдік тектес кептірілген хош иісті есірткіге ұқсас затты анықтап, тәркілеп алды.
Аталған жайт бойынша жергілікті тұрғын анықталған есірткіге ұқсас затты қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені бойынша тексерілуде. Қазіргі таңда азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабымен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.