Шымкенттік полицейлер «Жәбірленушілерге өтемақы қорын төлеу туралы» Заңын түсіндіруде

2018 жылғы 10 қаңтарда «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Аталған Заңға сәйкес сексуалдық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған кәмелетке толмағандар, адам саудасы, азаптаулар мен өзге де ауыр зардаптар келтірілген қылмыстық құқық бұзушылықтардан жәбір шеккендер және денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдарға, жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, жәбірленушінің құқықтары берілген адамдар өтемақы алуға құқылы.

Жәбірленушілерге өтемақы мөлшері қылмыстың ауырлығына байланысты 30-дан 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлемнен тұрады.

Адам жәбірленуші деп танылғаннан кейін ол қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органға өзіне өтемақы тағайындау туралы өтініш жасайды.

      Өтемақы тағайындау үшін мынадай құжаттар:

       1) жәбірленушінің не жәбірленуші құқықтары берілген адамның өтініші;

      2) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттың не өтемақы алуға жәбірленуші құқықтары берілген адамның жеке басын және құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері;

      3) жәбірленушінің не жәбірленуші құқықтары берілген адамның банктерде және  банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шотының нөмірі туралы мәліметтер;

      4) қылмыстық процесті жүргізетін органның адамды жәбірленуші деп тану туралы қаулысының көшірмесі;

      5) жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесін растайтын құжаттың көшірмесі;

      6) жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, оның қайтыс болуы туралы куәліктің немесе жәбірленушінің қайтыс болғанын растайтын өзге де құжаттың көшірмесі негізінде жүргізіледі.

Өз кезегінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы Сіз немесе Сіздің жақын туыстарыңыз көрсетілген баптар бойынша жәбірленуші немесе заңды өкілі ретінде танылған жағдайда іс жүргізуші құзырлы органға өтініш беруге құқылы екендеріңізді ескертеді.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.